08-08-22 |
1290 рет қаралған
Үй бағасы бір жылда 25 пайызға қымбаттаған.
Үй бағасы бір жылда 25 пайызға қымбаттаған

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Қазақстанда бір жылда үй бағасы 25 пайызға қымбаттаған.

«Бір жылда (былтырғы және биылғы шілде айларын салыстырғанда) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,4%, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,6% артты. Тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы шілдеде 20,8% өсті», – деп жазылған хабарламада.

Аймақтар бойынша жаңа салынған тұрғын үйлер нарығындағы баспана жылдық көрсеткіште қымбаттағаны байқалады. Мәселен, Ақтөбеде – 32,5%, Нұр-Сұлтанда – 27,6%, Өскеменде 26,1%-ға өскен.

«Бір айдың ішінде (2022 жылғы шілде мен маусымды салыстырғанда) пәтерлерді қайта сату бағалары – 0,8%, жаңа тұрғын үйді сату 0,5%-ға қымбаттады», – деп жазылған хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.