24-07-20 |
1120 рет қаралған
Үкімет басшысы президентке коронавирусқа қатысты ахуалды баяндады.
Үкімет басшысы президентке коронавирусқа қатысты ахуалды баяндады

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мәмин президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және әлеуметтік-экономикалық даму туралы есеп берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Асқар Маминнің айтуынша, еліміздегі коронавирус жұқтырғандардың саны 2,1%-ға төмендеген, ауруханалардағы індетке шалдыққан азаматтарға арналған жалпы төсек-орын 30,4 мыңнан 49,7 мыңға дейін көбейген, реанимациядағы орындар 12%-ға, станционардағы төсек-орындар 25%-ға азайған. Сондай-ақ COVID-19 індетінен жазылып шыққандар 63%-ға артып, жедел жәрдем шақыртушылар саны 31%-ға төмендеген.

Үкімет басшысы Қазақстан Президентіне барлық өңірлердегі тұрақтандыру қоры қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылып, ауруханаларды өкпені жасанды желдету және оттегі концентраторларымен қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді.

Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа шектеу шаралары кезіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, жұмыспен қамту және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер жөнінде айтты.

Мемлекет басшысы Премьер-Министрге аймақтарды, әсіресе, ауылдарды қажетті дәрі-дәрмектермен және медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды.

Президенттің айтуынша, пандемия кезінде және одан кейінгі уақытта Үкіметтің алдында экономиканың жоспарлы дамуын қамтамасыз етіп, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру міндеті тұр. Қазіргі уақытта жаңа экономикалық бағытты әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Ол Мемлекет басшысының алдағы Жолдауының негізгі бөлігін құрайтын болады.

primeminister.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.