17-09-22 |
1200 рет қаралған
Украина Изюм маңынан азапталып өлтірілген адамдардың қорымын тапты.
Украина Изюм маңынан азапталып өлтірілген адамдардың қорымын тапты

Ресейлік басқыншылар Бучадағы қырғынды Изюм қаласында да қайталаған. Оған қала маңыннан табылған қорымдар дәлел. Бір шұңқырға азаптап, өлтірген 15-20 адамның денесін көме берген.

Украина әскерилері шабуыл кезінде орман ішіннен жүздеген крест қойылған қорымды тапқан, оның кейбірінде адамның аты-жөні емес, тек нөмір жазылған. Жұма күні қорымға эксгумация жұмыстары басталды.

Рейтер агенттігінің мәліметінше, қазып алынған адам денелерінде азаптау белгілері бар және қолдары мен мойындарында жіп байланған. Кейін Харьков облысының прокуроры Александр Фильчаков зерленген адамдардың денесінде азаптау белгілері барын растады.

Құрбан болғандардың кейбірі атыс кезінде және медициналық көмектің болмауынан қаза болуы мүмкін.

Сондай-ақ кейбір қорымда украиналық әскерилер жерленген деуге негіз бар. Украиндық омбудсмен Дмитрий Лубинецтің айтуынша, бұл жерде жерленген сарбаздардың кейбірі азапталып өлтірілген.

«Мен Украина әскерилері жерленген орынды көрдім. Олардың кейбірінің қолы байлаулы, азаптап шетінен өлтіре берген», – деді ол.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.