БҰҰ бас Ассамблеясында Ұлыбританияның премьер-министрі Лиз Трасс сөз сөйледі. Бұған дейін сөйлеген Джо байден сияқты ол да Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, ресейлік басқыншыларға қарсы тұруда көмекті аямау қажеттігін айтты.
«Қазіргі шиеленіскен сын қатерлі кезеңде біз Украинаға әскери қолдауды жалғастырып, оны үдете түсеміз. Біріккен Королдік жіберген жаңа қару-жарақ қазір мен сөйлеп тұрғанда Украинаға жеткізіп жатыр. Оның ішінде жаңа РСЗО зымырандары да бар. Украина жеңіске жетпейінше, біз тынышталмаймыз», – деді Трасс.