13-08-22 |
3590 рет қаралған
Украинада соғыс басталғалы 3 мың бала ата-ана қамқорынсыз қалған.
Украинада соғыс басталғалы 3 мың бала ата-ана қамқорынсыз қалған

Соғыс басталған 24 ақпаннан бері 3182 бала ата-ана қарауынсыз қалған. Бұл туралы Ұлттық әлеуметтік қызметтің балалар құқығын қорғау жөніндегі департамент директорының орынбасары Владимир Вовк мәлімдеді.

Оның айтуынша, 541 баланың ата-анасы қаза тапқан немесе олармен мүлдем байланыс болмаған. Яғни бұл балалар соғыстың кесірінен қараусыз қалған.

«Бізде соғыс кезінде ата-анасы нақты қаза тапқан 106 бала бар, оған қоса тағы 206 баланың ата-анасы қаза тапқан, бірақ олар құжат бойынша расталмаған. Дегенмен бұл адамдарды соғыс аяқталған соң тауып аламыз деген үміт те бар»,-деді ол телемарафон барысында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.