11-10-22 |
3570 рет қаралған
«Үлкен жетілік» басшылары Украинаның атқылануына қатысты жиын өткізбек.
«Үлкен жетілік» басшылары Украинаның атқылануына қатысты жиын өткізбек

АҚШ президенті Джо Байден мен «Үлкен жетілік» басшылары бүгін виртуалды кездесу өткізіп, кешегі зымыранмен атқыланған Украинаны қолдау бойынша өз міндеттемелерін талқыламақ.

Кездесуге Украина президенті Владимир Зеленский де қатысады. Ол дүйсенбідегі мәлімдемесінде Ресей қиратқан нысандардың барлығы қалпына келтіріліп, Батыс елдері шабуылдан қорғайтын озық қаруларды Киевке беруді жылдамдататынын айтқан.

«Бәрінен де Украина бейбітшілікті қалап отыр. Сондықтан біз олардың жеңіске жету жолында көмек беруді босаңсытпауымыз керек», – дейді Ұлыбритания премьері Трасс.

Ұлыбритания биыл Украинаға әскери қолдау көрсету үшін 2,3 млрд фунт стерлинг бөлген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.