21-06-22 |
1630 рет қаралған
Ұлттық банк қазақстандықтардың алтын құймаға қызығушылығы өскенін хабарлады.
Ұлттық банк қазақстандықтардың алтын құймаға қызығушылығы өскенін хабарлады

Ұлттық банк 2022 жылдың мамырында қазақстандықтардың алтын құймаға деген қызығушылығы бір жарым есеге дейін өскенін мәлімдеді.

«2022 жылдың мамырында банк емес және екінші деңгейшлі банктер жалпы салмағы 92,7 келі болатын 3 316 алтын құйма сатқан», – делінген хабарламада.

Ал сәуір айында жалпы салмағы 61,3 келі болатын 3 698 құйма сатылыпты.

Ақпаратқа сәйкес, құймалардың салмағы 5, 10, 20, 50 және 100 грамм болады. Ең көп сатылатын құйма 10 грамм екен. 

2021 жылы жалпы салмағы 1,1 тонна болатын 32 326 алтын құйма сатылған. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.