arasha.kz

Ұлыбританияның жаңа королі ІІІ Карл есімін иеленді

Ұлыбританияның жаңа патшасы Карл III деп аталатын болды, деп жазды Azattyq Ruhy.

II Елизавета қайтыс болған соң, оның тақ мұрагері ханзада Чарльз жаңа патша атанды. Сонымен қатар ол бірден әкесінің «Корнуолл герцогы» атағын да иемденді. Чарльз Уильямның әйелі Кэтрин де Корнуолл герцогинясы атағын иеленбек.

Айта кетсек, елді 70 жыл басқарған Ұлыбритания патшайымы II Елизавета 96 жасында қайтыс болды. Патшайымның қазасы туралы бірнеше сағат бұрын Букингем сарайы ресми түрде хабарлады.

Exit mobile version