ҰҚШҰ-ға мүше елдердің жиынында Беларусь президенті Александр Лукашенко ҰҚШҰ тараса Ресей мен Беларустан өзге елдерге қиын болады деді.
«Украинадағы соғыста кім жеңеді, жеңбесе ҰҚШҰ тарайды дегенді талқылаудың керегі жоқ. Егер ҰҚШҰ тараса біріншіден Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан үшін трагедия болады. Беларусь пен Ресейге ештеңе болмайды, біз қазіргі қиын сәтте бірігіп әрекет ету жолындамыз. Сондықтан қазіргідей қиын қыстау кезеңде өзіміз құрған нәрсені құртпайық», – деді Лукашенко.