arasha.kz

Вагнердің оқ дәрісі емес, әскері бітті – Украина әскери басшылығы

Бұған дейін Украинада соғысып жатқан басқыншы «Вагнер» ұйымының басшысы Евгений Пригожин оқ дәрілерінің біткенін және РФ Қорғаныс министрлігі қару-жарақпен қамтамасыз етпесе Бахмут қаласынан кететіндерін мәлімдеген.

Украиналық әскерилер Пригожиннің мәлімдемесіне қатысты түсінік берді. Олар Бахмутта вагнерліктер өте көп шығынға батып, әскері жетіспей жатыр деп санайды. Пригожин оқ дәріні сылтауратып қаладан бас сауғаламақ. Осылайша Ресей жұрты алдында өзін ақтап, бар бәлені Қорғаныс министрлігіне жаппақ.

Айта кетсек, бұған дейін Пригожиннің 10 мамырға дейін Бахмутта боламыз, одан кейін шегінеміз деген мәлімдемесі тараған еді. Бахмут қаласы Украинадағы ұрыс қызу жүріп жатқан жердің бірі.

УҚК-нің Шығыс тобының өкілі Сергей Череватовтың айтуынша, ресейліктер шабуыл жасауды жалғастыруда, ауыр соғыс әлі де жүріп жатыр.

Бахмут үшін алапат соғыс тоғыз айдан бері жалғасып келеді. Ресей әскерінің қарқынды шабулына қарамастан украиналықтар қаланы толықтай олардың бақылауына бермеді.

Exit mobile version