09-12-19 |
1190 рет қаралған
Қытай «қалыңдық» сатып алу дауына тағы да ілікті.
Қытай «қалыңдық» сатып алу дауына тағы да ілікті

Қытай адам саудасы бойынша тағы да дауға қалды. Associated Press агенттіг журналистерінің зерттеуі бойынша Қытай Пәкістаннан «қалыңдық» сатып алумен айналысқан. Адам саудасымен айналысатындар кедей отбасына қомақты қаражат ұсынып, қыздарын көндіріп, Қытайға алып кетеді деп жазады Ферғана сайты.

Қыздарды үлде мен бүлдеге орайтын бай жігіт тауып беретіндеріне уәде етіп, әкеткесін көп жағдайда ол қыздар құлдыққа, зорлық-зомбылыққа ұшырап, кейбіреулерін тіпті жезөкшелікке салады. Астыртын ағзаны саудалау бизнесінің құрбандары болып та жатады.

Қытайда белгілі бір себептермен ер адамдардың саны әйелдерден анағұрлым көп. Көбі өзіне жұп таба алмай жатады. Сондықтан шетелден «қалыңдық» әкелетін агенттіктерге сұраныс бар (кейде қытайлық еркектер шетелден әкелінген әйелдермен расымен де бірге тұруы мүмкін, бірақ үйленбеуі мүмкін. Қытайдың өзінде қолдан қолға өткен әйелдер бар).

Pacific Links құқыққорғау органының мәліметінше оларды Вьетнам, Лаос және Солтүстік Кореядан әкеледі. Кейінірек Азияның басқа елдерінен де әкеле бастаған. Олар – Камбоджа, Индонезия, Мьянма және Пәкістан.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.