Әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендетуді талап еткен жұрт еліміздің бірнеше аймағында митингке шықты.
«Әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету бойынша митинг Шымкентте өтіп жатыр. Қазір әйелдердің зейнетке шығу жасы 60,5 жас, 2027 жылы ол 63 жас болады. Алайда, 13 мамырда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнеткерлікке ерте шығуға «кетары» емес екенін айтты. Ол азаматтардың табыс деңгейін ескере отырып, зейнетке ерте шығудың бірнеше нұсқасын қарастыруды ұсынған. Митинг Шымкен әкімдігінің рұқсат етуімен өтіп жатыр», – деп жазды Otyrar басылымы.
Осындай рұқсат етілген митинг Қостанайда да өтті.
«Қазір мұнда 130-ға жуық адам жиналды. Шеруге шыққандардың көбі қолдарына зейнет жасын төмендетуге арналған плакаттар ұстап алған», – деп хабарлады «Наша газета» басылымы.
Айта кетсек, дәл осындай митинг Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында да өтіп жатыр.