Украина президенті Владимир Зеленский Грузиядағы наразылық білдірушілерге видео үндеу жазды.
Зеленский Telegram арнасында барлық украиндық Грузияға демократиялық табыс пен еуроинтеграция мәселесінде ілгерілеушілік тілейтінін жазды.
«Достас Грузияның жетістігін қаламайтын украиндық жоқ. Демократиялық табыс. Еуропалық табыс. Біз Еуроодақта болғымыз келеді және біз сонда боламыз да. Біз Грузияның Еуроодақта болғанын қалаймыз, солай болатынына сенімдімін. Біз Молдованың Еуроодақта болуын қалаймыз және солай болатынына сенімдімін. Еуропаның барлық еркін елдері соған лайық», – деді ол.
Zakon.kz-тің мәліметінше, Грузия астанасы Тбилисиде арнайы жасақ пен шетелдік агенттер туралы заңның қабылдануына қарсы наразылық акциясына қатысушылар арасындағы қақтығыс күш ала бастады.