29-12-22 |
1120 рет қаралған
Зеленский парламентке үндеу жолдады.
Зеленский парламентке үндеу жолдады

Украина Ресейге тойтарыс бере отырып, Батысты Мәскеуден қорықпауға жәрдемдесті. Мұны президент Владимир Зеленский парламентке жолдаған үндеуінде мәлімдеді.

«Жауынгерлеріміз – миллиондаған адамды өмірге, Еуропаны бейбітшілікке үміттендіріп, империяларды келмеске кетіру үшін күресіп жатыр. Қаһармандарымыз баршамызға бейбітшілік әперу үшін жеңіске жетуі керек!», – деді Украина басшысы. Оған халық қалаулылары ду қол шапалақтап, орындарынан тұрып қошемет білдірді, деп жазады qazaqstan.tv.

Елдегі жағдайға келсек, қарулы қақтығыс жалғасып жатыр. Бүгін Киев, Харьков, Днепропетровск, Одесса, Николаев, Львов облыстарында жарылыстар болды. Олар тағы да зымырандық шабуылға ұшыраған. Ал Донецк облысындағы Бахмут қаласын жарты жылдан бері ала алмай жатқан Ресей әскері тоқтай бастады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.