arasha.kz

Зеленский Путинді тұтқындауға қатысты пікір білдірді

Украина президенті өзінің кешкі сөзінде бұл «тарихи шешім, одан тарихи жауапкершілік басталады» деді.

«Мұндай қылмыстық операцияны [балаларды алып кету] террористік мемлекеттің жоғарғы басшысының бұйрығынсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Балаларды отбасынан ажырату, оларды туыстарымен байланысу мүмкіндігінен айыру, балаларды Ресей жерінде жерлеу, шалғай аймақтарға шашырату – мұның бәрі Ресейдің мемлекеттік саясаты, мемлекеттік шешімдері, зұлымдығы. Мен прокурор Кәрім Ханның командасына және Халықаралық қылмыстық сотқа, әділдік үшін күресуге көмектескен әлемдегі барлық адамдарға алғыс айтамын», – деді Зеленский.

Exit mobile version