15-01-20 |
860 рет қаралған
Жаңа жыл мерекесі кезінде қазақстандықтар 1,4 триллион теңге жұмсаған.
Жаңа жыл мерекесі кезінде қазақстандықтар 1,4 триллион теңге жұмсаған

Жаңа жылдық мереке қарсаңында, яғни 2019 жылдың соңғы айында Қазақстан халқы дүкендер мен базарларға 1,39 триллион теңге жұмсаған деп хабарлайды Ranking сарапшылары.

Қарашада 956,6 млрд теңгеге сауда жасағанын ескерсек, желтоқсан еліміз үшін сауда жасауда рекордты көрсеткішке ие болғанын түсіну қиын емес. Тіпті алдыңғы 2018 жылды шығарып салғанда да биылғы мерекеден азырақ ақша жұмсаған екен, ол кезде – 1,22 трлн теңге жаңа жыл тойлауға кеткен.

Сауда жасау жағынан көш бастаған елдер Алматы (451,5 млрд тг) мен Нұр-Сұлтан (166,2 млрд тг) қалалары екен.

Өңірлер де жаңа жылды қарсы алуда ақшаларын аямайтын көрінеді. ТОП-5 облыстардың ішінде: ШҚО ( 134,3 млрд тг), Қарағанды (111,4 млрд тг), Ақтөбе (69,6 млрд тг) мен  Алматы облысы (66,5 млрд тг) бар. Ал халқы тығыз орналасқан Түркестан 15,5 млрд тг жұмсап, рейтингтің соңында тұр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.