Жамбыл облысында тағы бір шекарашы сарбаз қайтыс болды. Бұл туралы қоғам белсендісі Бибігүл Рамазан Facebook-тегі парақшасында жазды.
Автордың жазуынша, оқиға 19 тамыз күні болған. 2004 жылы туған сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған.
«Жамбылда атыраулық сарбаз қайтыс болды деген қаралы хабар жетті. 2004 жылы туған Мираш Бекбол Досболұлы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылының тумасы», – деп жазды қоғам белсендісі.
Дегенмен, сарбаздың өліміне қатысты әзірге ресми ақпарат жарияланған жоқ.