14-02-23 |
1440 рет қаралған
Жаңа вирус? ДДҰ Марбург вирусының өршігені туралы хабарлады.
Жаңа вирус? ДДҰ Марбург вирусының өршігені туралы хабарлады

Дәрігерлер тарихта алғаш рет Марбург вирусының өршуін тіркеді. ДДҰ мәліметі бойынша, вирус Экваторлық Гвинеяда белсендірек болды.

«Батыс Кие Нтем провинциясында кем дегенде тоғыз адам қайтыс болғаннан кейін жасалған алдын ала тестілер вирусты геморрагия қызбасына оң нәтиже берді. Бүгінде күнқызба, шаршау, қан құсу сияқты белгілері бар 16 күдікті жағдай тіркелді», – делінген ДДҰ хабарламасында.

Қосымша тергеу жалғасып жатыр. Зардап шеккен аймақтарға контактілерді анықтау, оқшаулау және аурудың белгілері бар адамдарға медицина көмегін беру үшін алдын ала топтар жіберілді. Сонымен қатар төтенше жағдайларды жою шараларын жедел енгізуге күш салынып жатыр.

Марбург вирусты ауруы – геморрагия қызбасын тудыратын өте вирулентті ауру. Өлім көрсеткіші 88%-ға дейін жетеді. Ол Эбола вирусы ауруын тудыратын вируспен бір топқа жатады. Марбург вирусы ауруы жоғары температура, қатты бас ауруы және қатты мазасыздықпен жедел басталады.

Zakon.kz-тің жазуынша, көптеген науқаста жеті күнде ауыр геморрагия белгілері дамиды. Вирус адамдарға жарқанаттар арқылы беріледі және жұқтырған адамдардан тікелей байланыста жұғады: биосұйық арқылы.

Вирусты емдеуге рұқсат етілген вакцина немесе вирусқа қарсы препараттар жоқ. Дегенмен демеуші күтім — ауызша немесе көктамырішілік сұйықпен регидратация және ерекше белгілерді емдеу өмір сүруді жақсартады. Қан препараттарын, иммун және дәрілік терапияны және 1 фаза деректері бар вакцина үміткерлерін қоса алғанда, бірқатар ықтимал терапиялар бағалау сатысында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.