arasha.kz

Жаңа жылға Үкіметтің осы құрамымен аяқ басуға бола ма – Президент

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Үкімет отырысында елдегі әлеуметтік жағдайға тоқтала келе Үкіметтің жұмысын сынға алды.

«Үкіметтің негізгі міндеті – еліміздегі экономикалық мәселелерді шешумен айналысу. Бұл – Үкімет мүшелерінің, әкімдердің, ұлттық компания басшыларының тікелей жауапкершілігі. Сондықтан, мен Премьер-Министр Әлихан Асханұлы Смайыловтан шынайы жауап алғым келеді. Жалпы, Жаңа жылға Үкіметтің осы құрамымен аяқ басуға бола ма? Президенттің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру Үкіметтің қолынан келе ме? Үкімет іштен және сырттан болатын барлық экономикалық қауіп-қатерлерге қарсы тұра ала ма?», – деді Президент.

Сонымен қатар ол, бұл мәселелер Мемлекет басшысының Премьер-Министрмен және Парламент депутаттарымен өткізетін консультациялары кезінде мұқият талқылануы керек дегендщі айтты.

Exit mobile version