28-10-22 |
1470 рет қаралған
Жаңаарқа ауданына зымыран құлады.
Жаңаарқа ауданына зымыран құлады

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы, Орынбай ауылы маңындағы далалы аумаққа «Прогресс МС-21» ғарыш кемесінің фрагменті құлады.

Жаңаарқа ауданы әкімдігінің мәліметінше, бұл «Прогресс МС-21» жүк кемесінің фрагменті. Ол Орынбай елді мекенінен 25 шақырым жерге құлаған.

«Жақын маңдағы қыстаулардың тұрғындары эвакуацияланды. Орынбай ауылының тұрғындарын көшірген жоқпыз. «Роскосмос» мамандары ғарыш кемесінің ұшу күні мен уақытын алдын ала біліп, фрагменттің құлаған жерін анықтаған. Олар бұл жерді күзететін арнайы жедел әрекет ету тобын құрды. Ғарыш аппаратының алғашқы фрагменттері алып тасталды, олар қауіп төндірмейді», – деді баспасөз қызметі өкілдері.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.