10-05-23 |
1110 рет қаралған
Жаңаөзенде қамауға алынған жұмыссыздар босатылды.
Жаңаөзенде қамауға алынған жұмыссыздар босатылды

Жаңаөзен қаласы әкімдігі ғимаратының алдында қоғамдық тәртіп бұзған 17 адам полиция басқармасына жеткізіліп, профилактикалық әңгіме жүргізілген соң олар үйлеріне жіберілді.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 10 мамырда сағат 12:00 шамасында Жаңаөзен қаласы әкімдігі ғимаратының алдында қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі тіркелгенін хабарлады.

Атап айтқанда жиналғандар ескертуге қарамастан ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы – «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Қазақстан заңнамасын бұзып, наразылық акциясын өткізетінін мәлімдеді.

«Полиция қызметкерлері 17 құқық бұзушыны полиция басқармасына жеткізді. Құқық бұзушылармен прокуратура және әкімдік қызметкерлері түсіндіру жұмысын жүргізді. Кейін олар үйлеріне жіберілді», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, бүгін Жаңаөзен қаласының әкімі бір топ жұмыссыз азамат әкімдік алдына наразылық акциясын ұйымдастырып, мұнай-газ саласына жұмысқа орналаспайынша, аштық жариялайтындарын мәлімдегенін растаған болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.