Жаңаөзенде адамдар әлі де құтқарылып жатыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Құтқарушылар үйінді астынан тағы үш адамды – ер, әйел және баланы тірідей шығарды.
Осылайша қазір құтқарушылар үйінді астынан 4 адамды тірідей алып шықты. Оған қоса тағы үш қаза тапқан адамды алып шықты.
Құтқарылғандар мен медицина көмегіне жүгінгендерді қосқанда барлығы 8 адам ауруханаға жатқызылды.
Үйіндіні тазалауға 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылған: құтқарушылар, оның ішінде кинологтар, Ұлттық ұлан әскерлері, жергілікті атқарушы органдар, жедел жәрдем, полиция, еріктілер.
Айта кетсек, Сәуірдің 17-сі күні таңғы бестер шамасында Жаңаөзендегі екінші шағын аудандағы көпқабатты үйде газ баллоны жарылған болатын.