arasha.kz

Жанармай бағасын тұрақтандыру не үшін қажет болды?

Еліміздегі бензин мен дизель бағасының жоғарылауына не себеп? Бағадағы өзгерістің ішкі нарыққа әсері қандай? Көршілес мемлекеттердегі жанармай бағасымен арада қандай айырмашылық бар?

Елімізде орын алып жатқан мәселелер мен өзгерістерден халық әрдайым құлақдар болып отырады. Осындай өзгерістердің бірі – бензин мен дизель бағасының күрт жоғарылауы. Күні кеше ғана орын алған өзгерісті халықтың жылы қабылдай қоймағаны рас. Энергетика министрлігі бұл жағдайды назардан тыс қалдырмай, бензин мен дизельдің шектік бағасын бекіткен бұйрығы өз күшіне енді.

Бұйрыққа сәйкес бекітілген бағалар: АИ-92 мен АИ-93 бензиніне 205 теңгені; дизелдің литрі 295 теңге болды. Десе де жанармайдың жаңа түрлеріне сәйкес жаңа баға да бекітілген болатын. Сәйкесінше бұл елдегі мұнай өнімдері қорын жеткілікті етіп, ішкі нарықтағы жағдайды тұрақтандырмақ.

Энергетика министрлігі сөзіне сәйкес, еліміздегі бензин мен дизель бағасындағы өзгеріс соңғы рет 2021 жылы орын алған, одан кейін жанар-жағармай бағасы тұрақтанған.

Энергетика министрі Болат Ақшолақов сәуір айының бас кезінде жасаған мәлімдемесінде бағаны көтерудің қиын әрі өте қажет, маңызды қадам екенін алға тартты. АИ-92 және АИ-93 бензинінің литрі әр өңірге байланысты 182-187 мен 205 теңге аралығында болды. Дизель бағасы 295 теңге болғанымен, кей елді мекендер де 230-260-ты құраған еді. Министр атап өткен өзгеріске сәйкес бұйрық бекітіліп, жарияланды. Бола Ақшолақов өз сөзінде баға айырмашылығын қазір төмендетпейтін болсақ, жақын арада жанармай қорының жетіспеушілігіне тап болуымыз әбден мүмкін екендігі айтылды. Сондай-ақ энергетика саласының ілгерілеуіне кедергі жасап еліміздегі энергетикалық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелуі де ғажап емес. Министрдің сөзіне сәйкес еліміздегі бензин мен дизель бағасы өзге мемлекеттермен салыстырғанда ең төмен мөлшерде екендігі расталған. Мәселен, дизель отынының құны:

Ресей Қырғызстан Өзбекстан
345 т 390 т 480 т
Қазақстанмен салыстырғанда 45%-ға жоғары.  Еліміздегі тұрақтанған бағамен салыстырғанда 64%-ға қымбат. Екі есе жоғары.

Соңғы 5 жылда бензин 70 %-ға, ал дизель 30%-ға өскен екен. Бензин мен дизел бағасындағы өзгеріс азық-түлік пен өзге заттардың бағасының өзгеруіне ықпал етпеуін басты назарға алу қажет.

Ойымды қорытындылай келе айтарым, халықтың талқысына түскен өзгерістің аз уақытта, кенеттен қабылданған шешім еместігін ескеру қажет. Мемлекеттік бағаны реттеудегі маңызды өзгерістердің халыққа ескертілуі мен жай-жапсарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапшылықты болдырмаудың алдын алатын бірден бір жол әрі дүрбелеңге жол бермейді.

Дильназ Асылхан
1 курс студенті

Exit mobile version