Тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамайды шартты түрде 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот оны ҚР ҚК 378-бабы бойынша кінәлі деп тауып, қылмыс мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатты. Сонымен қатар, Мамай ҚР ҚК 274 және 272-баптары бойынша кінәлі деп танылды.
«Бас бостандығынан айырудың 6 жылын өтеуге түпкілікті тағайындалсын. ҚР ҚК 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза пробациялық бақылауды белгілей отырып, шартты деп есептелсін. Үкім заңды күшіне енгенге дейін бұлтартпау шарасы қалдырылсын», – делінген сот шешімінде.
Сондай-ақ, белсендіге алты жыл бойы публицистикалық, журналистік және қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салынды. Мамай үкіммен келіспеді және оған шағымдануға ниетті.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
14.11.2024