arasha.kz

Жанболат Мамайға тағылған айып өзгерді

Саясаткер Жанболат Мамайға тағылған айып ауыстырылды. Бұл туралы Жанболаттың жұбайы Инга Иманбай мәлімдеді.

«24 қазанда Жанболаттан жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып алынып тасталды. Енді оның ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 400-бабы «Заңсыз митингі ұйымдастыру» санатына ауыстырылды. Ал ол әлі қамауда, оны сот пен жаза күтіп тұр», – деді Иманбай Еуропарламенттің адам құқықтары жөніндегі кіші комитетінің отырысында.

Exit mobile version