31-08-21 |
1420 рет қаралған
«Жанболат және оның 300 спартандық туралы қиялы» – Байбектің заңгері.
«Жанболат және оның 300 спартандық туралы қиялы» – Байбектің заңгері

Бүгін Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің заңгері Айжан Тәшенова белсенді Жанболат Мамай мен әйелі Инга Иманбайға қатысты сот шешімінің орындалу барысы туралы бірқатар деректермен бөлісті.

Заңгердің айтуынша, 27 тамыз күні, яғни Мамай мен Иманбаеваның шоттарына тыйым салынғаннан кейінгі екінші күні олар 876 402 теңге көлеміндегі сот шығындарын дереу өтеген.

«Осылайша, Мамай мен Иманбаева өз еркімен емес, мәжбүрлеу арқылы қоғамға қандай да бір пайдалы нәрсе жасай алды. Бұл арада Мамай тағы бір цирк қойылымын ұйымдастыруға тырысты», – деп жазды Тәшенова Facebook парақшасында.

Заңгер Мамайдың өз бастамаларына «халықтың қолдау білдіретінін» мәлімдеп, небәрі 5 адамнан құралған бар жасағын қарапайым халықтан ақша жинау үшін көшеге шығарғанын айтады.  Алайда оларға қолдарында «Мамай – алаяқ, ұры, сатқын, титушка» деген плакаттары бар адамдар бөгет жасаған. Тәшенова мұның Мамай мен оның ешқандай қолдауы жоқ жалған партиясы жақтастарының шынайы санын көрсетіп берді дейді.

«Мамай 27 тамыздағы өз жазбасында «Kaspi» шотына ғана 300 адамның ақша жібергенін» атап өтті. Бұл – Мамайдың «300 спартандық» тақырыбындағы кезекті қиялы. Оны фактілерге сүйеніп, теріске шығару оңай. Мен талап қоюшының заңды өкілі ретінде сот орындаушысымен үнемі байланыстамын және барлық құжаттарға қол жеткізе аламын. Банкке жіберілген инкассалық өкімге сәйкес Мамай мен Иманбаеваның «Kaspi» шоттарына түсетін барлық қаражатты сот орындаушысы автоматты түрде шегеріп алып отырады», – деп түсіндірді Айжан Тәшенова.

Бүгін Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің заңгері Айжан Тәшенова «тікелей эфир» барысында танымал блогерлер Ғалым Байтұқ, Айдос Жұқанұлы, Асхат Садырбаймен бірге Мамай сотқа ұсынған 2 мың беттік дәлелсымақтарының жалған екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Алайда заңгердің әлеуметтік желі арқылы жасаған шақырту жазбасына қарамастан, Мамай да, Иманбаева да, заңгерлері де, олардың «құтқару таяқшасы» іспеттес Базарбек те тікелей сөйлесуден қашып, «тікелей эфирге» қатысқан жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.