arasha.kz

Жезқазған жылу электр орталығында апат болды

Жезқазған жылу электр орталығында апат болып, қазандықта жарықша пайда болды.

Қала әкімі Қайрат Шайжановың айтуынша, қазіргі уақытта ЖЭО-да екі қазандық жұмыс істеп тұр.

«Жылу желілеріндегі температура нормадан 10 градусқа төмен, яғни қалыпты 73 градустың орнына қазір 63 градусты көрсетіп отыр», – дейді ол.

Әкімдік таратқан мәліметте 18 желтоқсанда №4 қазандықта жарықша пайда болғаны айтылады. Ақау анықтағаннан кейін қазандық өшіріліп, жөндеу жұмыстары басталған. Әкімдік қазандықты 19 желтоқсанда кешкі сағат 20.00-де іске қосатындарын айтқан.

Алайда, бүгін таңертең №5 қазандықта да жарықша пайда болған. Оны жөндеу жұмыстары 20 желтоқсанға дейін жалғаспақ. Оған қоса, №6 қазандықта істен шығып, қозғалтқышы бұзылған. Дегенмен, әкімдік барлық қазандық түнде іске қосылады деп отыр.

Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Exit mobile version