13-12-18 |
4010 рет қаралған
Өзгерген заң. Алмазбек Атамбаев қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма?.
Өзгерген заң. Алмазбек Атамбаев қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма?

Қырғыстан парламенті желтоқсанның 13-інде өткен отырысында экс-президенттерді тиіспеушілік құқығынан айыратын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасын қолдап 100 депутат дауыс берсе, екі депутат қарсы шыққан. 120 депутаттың 102-сі дауыс беруге қатысқан.

«Қырғызстан президентінің қызметіне кепілдік беру туралы» заңға тиісті өзгерістер енгізуді парламент депутаттары Исхак Масалиев пен Курманкул Зулушев ұсынған.

Жоба бойынша, президентке импичмент жарияланып, қызметінен кеткен соң қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Іс басындағы президентті Жогорку Кеңеш оған бас прокуратураның қызметінде қылмыс белгілері бар деген тұжырымы бойынша айып таққан жағдайда ғана жауапқа тарту қарастырылған.

Заң жобасында сонымен қатар экс-президенттің ар-намысы мен қадыр-қасиетін қорғауға кепілдік беретін 18-бапты өзгерту де ұсынылған.

Заң біржола мақұлданса, Алмазбек Атамбаевтың жауапқа тартылуы мүмкін.

Депутат Жанар Акаев «егер заңға енгізілген өзгерістер түпкілікті қабылданса, экс-президент Алмазбек Атамбаев қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма?» деп сауал тастаған. Оған заң жобасы бастамашыларының бірі Құрманқұл Зулушев: «Егер адам заң бұзса, жауап беруі тиіс. Бәрі бірдей болуы керек. Сондықтан да біз Конституцияға сәйкес заңды келтіріп отырмыз» деді.

Қырғызстанда тиіспеушілік құқығы бар екі экс-президент бар. Олар: Роза Отынбаева және Алмазбек Атамбаев. Ал Құрманбек Бакиев пен Асқар Ақаев ревоюциядан кейін ондай құқықтарынан айырылған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.