Қызметін асыра пайдаланып, ақша жымқырды деп айыпталған қазақстандық бұрынғы банкир Жомарт Ертаев сот отырысында өз кінәсін мойындады.
«Кінәмді толығымен мойындаймын, айыппен таныспын және келісемін», – деді Ж. Ертаев мемлекеттік айыптаушының сөзінен кейін сот тыңдауында.
Айта кетейік, 2011-2017 жылдары Жомарт Ертаев Bank RBK-дан қызметтік бабын асыра пайдаланып, басқа да тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы 144 миллиард теңге жымқыруды ұйымдастырды деп айыпталып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 28 бабы, 3 тармағы – 189 баптың 4 тармағы 2 пункті бойынша айып тағылған. Осы іске қатысты 37 адам айтыпталған болатын. Ертаев 2018 жылы қарашада Мәскеуде ұсталдып, қамауға алынды.