Жаңаөзен тұрғындары тұрақты жұмыспен қамту талабымен тағы да көшеге шықты.
Тұрғындар тұрақты жұмыспен қамту бойынша билікке талап қойып, видеоүндеу жолдады. Үндеуде компанияға жұмысқа тұрған соң барлық еңбек жағдайының жасалуын сұраған, оның ішінде лайықты жалақы, Жаңаөзендегі мұнайгаз мекемелерінің тексерісінің нәтижесін ашық жариялау және Қытаймен арадағы визасыз режимді алып тастау мәселесі көтерілген.
Жаңаөзендік жұмысшылардың бұған дейінгі ереуілінен кейін ондағы «Өзенмұнайгаз» және «БерАли Мангистау Company» мекемелерін тексеретін арнайы комиссия құрылған. Жұмысшылар бұл тексеріс ашық түрде өтпей жатыр деген уәждерін айтуда.
«Олар тексеріс барысын неге видеоға түсіріп ашықтық үшін жарияламайды? Мәліметтерді неге жарияламай отыр? Ашықтық жоқ. Біз Астанаға барғанда ҚМГ өкілдері қашып кетті. Енді мұнда да олар көрінбейді. Сонда олар немен айналысып отыр», – дейді жұмысшылардың бірі Есенжан Әбдірахимов.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024