13-12-20 | 21:35
“Солтүстік Қазақстан – қазақтың жері”. Ресей елшілігінің сыртына ілінген баннер.
“Солтүстік Қазақстан – қазақтың жері”. Ресей елшілігінің сыртына ілінген баннер

Алматыдағы Ресей елшілігі ғимараты қоршауының сыртына “Солтүстік Қазақстан – қазақтың жері” деген жазуы бар баннер ілінген. Бұл туралы экономист, қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан facebook парақшасына баннердің суретімен бөлісе отырып жазды.

Ал 11 қарашада Ресей астанасы – Мәскеу қаласында Қазақстан елшілігі ғимараты қоршауының сыртына “Солтүстік Қазақстан – орыс жері” делінген жазуы бар баннер ілінген еді. Бұл оқиғаға қатысты Мәскеу милициясы “Патриот” қозғалысының мүшесі Антон есімді азаматты ұстағаны хабарланған.

Мұндай оқиғалар Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Вячеслав Никоновтың Бірінші арнадағы «Қазақстанның территориясы – Ресей тарапынан үлкен сыйлық» деген сөзінен кейін басталды. 12 қарашада Сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының Уақытша сенімді өкілі Александр Комаров шақырылып, Ресейлік дипломатқа СІМ ұстанымы көрсетілген нота табысталған еді.

Әлеуметтік желіде бұл мәселе қызу талқыланып, сарапшылар пікірлерін жариялап жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk