06-01-21 | 11:22
“Солтүстік шекараны күзетуді күшейтіп, облыстардың атын ауыстыру керек”.
“Солтүстік шекараны күзетуді күшейтіп, облыстардың атын ауыстыру керек”

Ресей мемлекеттік думасының депутаттары: Никонов, Федоров, Жириновскийдің Қазақстанның территориялық тұтастығына қауіп төндіретін сөздері қоғамда әлі де қызу талқыланып жатыр. Мәселен, экономист, қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Қазақстанның солтүстік шекарасын күзетуді күшейтіп, әскери күшті сол жаққа шоғырланлыруды және облыстардың атын ауыстыру туралы жедел шешімдер керек екенін айтты.

1. Елдің солтүстік шекараларын әскери тұрғыда күшейту жөнінде қорғаныс министрлігі мен бас штабтың басшысына бйрық беру керек.

2. Қазақстанда мемлекеттік емес әскери құрылымдарға әсіресе, казактардың әскери құрылымна тыйым салу қажет. Сондай-ақ мемлекеттік емес әскери шендер тағуға, суық қару алып жүруге тыйым салу да кезек күттірмейтін мәселе.

3. Облыстарға Түркістан, Сарыарқа, Жетісу, Ертіс, Қызылжар, Керек, Алтай, Сыр елі сынды тарихи атаулар берілуі керек.

4.  Сырттан келетін идеологиялық ықпалдан ақапарттық кеңістікті әсіресе, телеарна мен радиоларды қорғау үшін ақпараттық саясат пен қауіпсіздікті күшейту шарт“, – деп жазады М.Тайжан.

 

Еске салсақ, Ресей Федерациясы мемлекеттік думасының депутаты Вячеслав Никонов Ресей телеарнасынан “Қазақстан болған жоқ, Солтүстік Қазақстанда қоныс болмаған” деп мәлімдеді.

“Олар өмір сүрген, бірақ әлдеқайда оңтүстікте. Шын мәнінде, Қазақстан аумағы – Ресей мен Кеңес Одағының үлкен сыйы”, – деді Никонов федералды теледидар эфирінде 10 желтоқсанда.

12 желтоқсанда Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресей дипломатына Мемлекеттік Дума депутатының мәлімдемесіне байланысты нота берді. Кейін Никонов “Қазақ КСР шекарасын анықтау кезінде Қазақстанның мүдделері толық көлемде сақталғанын” мәлімдеді, сондай-ақ “бауырлас Қазақстан халқына деген ең жылы сезімдерін” білдірді. Қазақстан Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Никоновтың мәлімдемесіне түсініктеме бере отырып, Мемлекеттік Дума депутатының сөздері “саяси жауапсыздық және қорлау”екенін атап өтті.

Сондай – ақ, Мәскеуде Қазақстан елшілігінің қоршауында “Солтүстік Қазақстан-Орыс жері” деген жазуы бар баннері орналастырылғаны белгілі болды. Оқиға 11 желтоқсанда, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым комитетінің төрағасы және “Большая игра” бағдарламасының жүргізушісі Вячеслав Никонов Ресейдің Қазақстанға аумақ бергені туралы мәлімдегеннен кейін болды. Ұсталған азамат кейінірек Қазақстан Елшілігі ғимаратының алдында босатылды.

Кейінірек Думаның ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Виктор Водолацкий Ресей Мемлекеттік Думасының атынан Ресей Қазақстанның егемендігін толық мойындайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, екі ел әртүрлі салаларда берік достық және серіктестік қарым-қатынас орнатқан, сондықтан ол Мемлекеттік Думаның депутаты Вячеслав Никоновтың мәлімдемесімен болған оқиға шешіледі деп үміттенетінін айтты.

Ал 14 желтоқсанда видеодан үзінді пайда болды, онда Мемлекеттік Думаның депутаты Евгений Федоров Никоновтың сөзіне түсініктеме беріп, Ресей Қазақстаннан аумақты беруді талап етуі керек деп мәлімдеді. Федоров депутаттық мандат алғанға дейін Ресей Президентінің Әкімшілігі жанындағы Қорғаныс кеңесінде жұмыс істеді, Атом энергиясы жөніндегі вице-министр қызметін атқарды, қазір отставкадағы полковник.

16 желтоқсанда Ресейдің либералды-демократиялық партиясынан (ЛДПР) Мемлекеттік Думаның депутаты Владимир Жириновский Никоновтың Қазақстанға деген аумақтық талаптарын қолдағаны белгілі болды. Сол күні Федоровтың жаңа сөздері пайда болды – атап айтқанда, ол Ресейге Қазақстан мен Беларусь және Украинаның аумағын беру керек деп мәлімдеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk