27-05-20 | 13:14
Сот Бақауовтың 10 мың долларын қайтаруға қаулы шығарды.
Сот Бақауовтың 10 мың долларын қайтаруға қаулы шығарды

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовқа 3,6 жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. Сот шешімі бойынша ол көңіл көтеру орындарына бармауға, тұрып жатқан жерінен кетпеуге және пробация қызметіне барып тұруға міндеттелді. Сондай-ақ экс-әкім 100 сағат қоғамдық жұмыс істеуге де міндеттелді.

Және де сот қаулысына сәйкес, заттай айғақ ретінде  сақталған 10 мың АҚШ доллары Бақауовқа қайтарылатын болды.

Болат Бақауов “қызметін асыра асыра пайдаланды” деп айыпталған еді. Бұған дейінгі тергеу сотының айыптауында: “Бақауов Б.Ж “AksuTransLogisik” ЖШС-ның заңды иесі – туысқанының мүддесі тұрғысынан әрекет етіп яғни пайда көру және қандай да бір адамға басымдық көрсету мақсатында заңсыз әрі өзіне берілген құқықтар мен өкілеттіліктерден тыс бірнеше рет мемлекеттік кіріс департаменті лауазымды қызметкерлеріне тексерудің нақты нәтижесін жасыруды талап еткен» делінген еді.

27 мамырдағы сот үкімі бойынша, экс-әкімнің дүние-мүлкі тәркіленбейді. Мемлекетке келген шығынды Бақауов өтеген екен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk