04-12-19 | 11:28
Халық спорт пен демалуға 152,4 млрд теңге жұмсаған.
Халық спорт пен демалуға 152,4 млрд теңге жұмсаған

Үш тоқсан қорытындысы бойынша, қазақстандықтарға спорт пен демалу қызметіне жұмсалған қаражат 152,4 млрд теңге болды. Ал өткен жылдың осы уақытында бұл көрсеткіш 148 млрд тг болған.  finprom.kz жазуы бойынша физикалық көлем индекісіндегі инфляцияны ескергенде сектор 94,7% құрап отыр, бұл алдыңғымен салыстырғанда 5,3% төмен.

2018 жылдың қорытындысы бойынша аталған секторда қаражат 176,4 млрд тг құрап, 2017 жылдан (180,9 млрд тг) сәл аз қаражат мөлшерін көрсеткен.

Жалпы аталған саладағы жұмсалған ақша көлемінің үштен бірі (36%) екі қалаға тиесілі: Алматы (биыл үш тоқсанда 32,7 млрд тг, былтыр осы уақыт аралығында 38,8 млрд тг) және Нұр-Сұлтан (биыл үш тоқсанда 22 млрд тг, былтыр осы уақыт аралығында 25,1 млрд тг).

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.