Біз
әлеуметтік
желіде
16-06-25 |
240 рет қаралған
Бурабайда триатлоннан Азия кубогының кезеңі өтті.
Бурабайда триатлоннан Азия кубогының кезеңі өтті

Қазақ триатлеттері Бурабайдағы халықаралық жарыста жарқырады: үш алтын және жасөспірімдер арасында толық подиум.

2025 жылғы 14–15 маусымда көрікті Бурабай кентінде (Ақмола облысы) триатлоннан халықаралық жарыс өтті. Жарысқа 13 елден 120-дан астам спортшы қатысты: Қазақстан, Беларусь, Чехия, Германия, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Эстония, Түркия, Өзбекстан, Жапония.

Турнир World Triathlon халықаралық федерациясының құрлықтық күнтізбесі аясында өтті және Азия мен әлем чемпионаттарына дайындықтың маңызды кезеңі болды.

Элита санаты үшін стандартты олимпиадалық қашықтық қолданылды: 1500 м жүзу, 40 км веложарыс және 10 км жүгіру.

Жасөспірімдер мен қыздар үшін — спринтерлік қашықтық: 750 м жүзу, 20 км велокезең және 5 км жүгіру.

Жарыс жолдары Бурабай көлдері мен қарағайлы ормандар арқылы өтіп, әділ және әдемі жарыс үшін тамаша жағдай жасады.

Элита, ерлер:

Элита санатында Қазақстан атынан қатысқан Дарын Қонысбаев жеңімпаз атанды. Ол барлық кезеңде тұрақты өнер көрсетіп, мәре сызығында қарқынды финиш жасап, нәтижесінде — 1:46:28 уақыт көрсеткішімен Роман Миневті (Ресей) және Тиль Крампты (Германия) басып озды. Екінші және үшінші орындарды тиісінше осы спортшылар иеленді.

Жасөспірім қыздар:

Жасөспірім қыздар арасында алтын медальды Қазақстандық Диана Ержанова жеңіп алды — 1:08:20. Күміс — Диана Биктимирова (Өзбекстан), ал қола медаль — Анель Исабаеваға (Қазақстан) бұйырды. Ол 1:10:54 нәтижесімен мәре сызығын кесіп, соңғы жүгіру кезеңінде табандылық пен төзімділік танытты.

Жасөспірім ерлер:

Жасөспірім ұлдар арасындағы жарыста Қазақстан спортшылары толық подиумды иеленді:

🥇 Елмұрат Қанай — 59:57

🥈 Илья Крупяков — 1:00:05

🥉 Рамазан Айнегов — 1:00:21

Бұл командалық жетістік елдегі жас триатлеттер мектебінің жүйелі және сапалы дайындығын көрсетеді.

2025 жылғы 15 маусымда өткен әуесқойлар жарысына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 150-ден астам қатысушы жиналды. Бұл жарысқа қатысушылар өздерінің дайындық деңгейін және болашақ жарыстарға қатысуға деген ынталарын көрсетті.

Бурабайда триатлоннан Азия кубогының кезеңі өтті

Федерация вице-президенті Қайыргелді Жандос:
«Бурабайдағы жарыс World Triathlon күнтізбесіндегі маңызды кезеңге айналды. Көлдер мен қарағайлы ормандар аясындағы көркем маршруттар спортшылар үшін ерекше жағдай жасады. Ауа райының құбылмалы болуына қарамастан, жарыс шынайы спорт мерекесіне айналып, кәсіби және әуесқой спортшыларды біріктірді», — деді.

Бурабайдағы жарыс — қазақстандық триатлон үшін үлкен жетістік. Әртүрлі жас санаттары мен қашықтықтарда қол жеткізілген жеңістер — еліміздегі спорт дамуының жоғары деңгейін дәлелдейді. Турнир жоғары ұйымдастыру деңгейінде өтті және ол спорттық достық пен халықаралық ынтымақтастықтың нышаны болды.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.