Бүгін шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер командасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Жапонияға жол берді. Есеп: 0-4.
Матчтағы алғашқы шайбаны Жапония құрамасы салып, екінші кезеңде басымдығын арттыра түсті (0-2). Ал шешуші кезеңде қарсыластың шабуылға шыққанын пайдаланып, жапон хоккейшілері тағы 2 рет мергендік танытты.
Енді А тобында ертең (сағат 11:00) Қазақстан мен жарыс қожайыны Қытай құрамасы кім мықтыны анықтайды. Ал 14 ақпанда (сағат 7:00) біздің спортшыларға Оңтүстік Корея ойыншылары қарсылас болады.
Фото: Сали САБИРОВ