Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Sports24.kz эксклюзивті сұхбатында айтқан.
Ермұхамед Мәуленнің сөздері туралы ештеңе естіген жоқпын. Бірақ мен ешқандай қысым болған жоқ деп айта аламын. Келісілген матчтарға келсек, «Спорт Радар» дейтін ұйым бар. Осы ұйымның статистикасы бойынша Қазақстан әлем бойынша келісілген матчтар бойынша 4-ші орында тұр. ҚФФ онымен белсенді күресуде, сондықтан Ермұхамедтің сөздерінде шындық бар. Қазіргі уақытта федерация келісілген матчтар проблемасымен белсенді күресуде, — деді ҚФФ басшысы.
Бұған дейін ҚФФ өкілі қызметін атқарған спорт журналисі Ермұхамед Мәулен Қазақстан футболы туралы бірқатар сөздерден кейін федерациядан кеткен болатын. Ермұхамед Мәулен сырттан қысым жасағанын мәлімдеген еді.
фото: ҚФФ