08-08-24 |
16220 рет қаралған
Нұрбек Оралбай: Келесі олимпиадада еліме алтын алып беремін.
Нұрбек Оралбай: Келесі олимпиадада еліме алтын алып беремін

Бұл – менің алғашқы Олимпиада ойыным. Бұйырса келесі Олимпиадада еліме алтын алып беремін, – деді боксшы Нұрбек Оралбай. Бұл туралы ҚазАқпарат жазады.

Жекпе-жекті көрдіңіздер. Барымды салып жұдырықтастым. Чемпион болып, алтын аламын деп ойлағам, өкінішке қарай, алтын ұстатпады. Осыған да, қанағат етеміз. Париж Олимпиадасының күміс медалі бұйырды. Барлық қолдап жатқан жанкүйерлерге, отандастарыма алғысымды айтқым келеді. Бұл – менің алғашқы Олимпиада ойыным. Бұйырса келесі Олимпиадада еліме алтын алып беремін, – деді боксшы Нұрбек Оралбай.

Бокстан ерлер арасында 80 келі салмақта Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері болды. Ол финалда украиналық Александр Хижнякпен жұдырықтасып, жеңілді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.