13-10-24 |
730 рет қаралған
Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды.
Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

UFC қазақстандық файтер Шавкат Рахмановтың (18-0) қатысуымен өтетін титулдық жекпе-жек туралы ресми ақпарат жариялады.

Sports.kz-тің жазуынша, Рахмонов 7 желтоқсанға жоспарланған Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) 310-шы нөмірлік турнирде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы UFC-дің жартылай орта салмақтағы қазіргі чемпионы, американдық файтер Билал Мухаммад (24-3) болады.

Шавкат Рахмонов өзінің соңғы жекпе-жегін өткен желтоқсанда өткізген болатын. Ол американдық Стивен Томпсонмен (17-7-1) кездескен еді.

Ал Билал Мухаммад шілде айында ағылшын Леон Эдвардсті (22-4) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атанды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.