arasha.kz

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының жеңімпазы

Харбиндегі Азия ойындарында шорт-тректен 5000 метрлік эстафетада Қазақстан ерлер құрамасы топ жарды.

Команда сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Нәсен, Абзал Әжіғалиев және Глеб Ивченко өнер көрсетті.

Айта кетейік, бұл Қазақстан шорт-трегі тарихына Азия ойындарындағы алғашқы алтын медаль. Бұған дейін тек күміс, қола жеңген болатын.

Фото: Сали САБИРОВ

Exit mobile version