Біз
әлеуметтік
желіде
03-03-25 |
1330 рет қаралған
Төрехан Сабырхан — ел тарихындағы ең жас «Странджа» турнирінің чемпионы.
Төрехан Сабырхан — ел тарихындағы ең жас «Странджа» турнирінің чемпионы

19 жасқа енді ғана толып, ересектер арасындағы алғашқы халықаралық турниріне қатысқан Төрехан Сабырхан қарсылас шақ келтірмей, алтын медальді жеңіп алды. Ол тартысты жекпе-жекте Әзербайжан өкілі Заур Гахрамановтан 3:2 есебімен басым түсті.

Бұған дейін 2008 жылы Мерей Ақшалов та 19 жасында топ жарған. Бірақ ай жағынан Төрехан жас саналады.

Турнирдегі жекпе-жектері:

1/8 финал. Асахуджа Муйдунходжаев (Париж Олимпиадасының чемпионы) — жекпе-жексіз өтті.

1/4 финал. Лаша Гагнидзе — 5:0

1/2 финал. Наби Исгандиров — 3:2

Бұл салмақта 2024 жылы Дулат Бекбауов чемпион атанған.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.