19 жасқа енді ғана толып, ересектер арасындағы алғашқы халықаралық турниріне қатысқан Төрехан Сабырхан қарсылас шақ келтірмей, алтын медальді жеңіп алды. Ол тартысты жекпе-жекте Әзербайжан өкілі Заур Гахрамановтан 3:2 есебімен басым түсті.
Бұған дейін 2008 жылы Мерей Ақшалов та 19 жасында топ жарған. Бірақ ай жағынан Төрехан жас саналады.
Турнирдегі жекпе-жектері:
1/8 финал. Асахуджа Муйдунходжаев (Париж Олимпиадасының чемпионы) – жекпе-жексіз өтті.
1/4 финал. Лаша Гагнидзе – 5:0
1/2 финал. Наби Исгандиров – 3:2
Бұл салмақта 2024 жылы Дулат Бекбауов чемпион атанған.