Біз
әлеуметтік
желіде
18-05-25 |
130 рет қаралған
Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің чемпионы атанды.
Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық, әлемнің 318-ракеткасы Зарина Дияс Куруме (Жапония) ITF W50 турнирінде топ жарды.

Қазақстандық теннисші финалда жапониялық, әлемнің 288-ракеткасы Аяно Шимицумен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда жергілікті спортшы 2:0 есебімен алға шыққанымен, Зарина таразы басын аудара білді — 6:4. Екінші сетте де Шимицу 2:0, 3:1 есебімен алға кетті. Бірақ Зарина бұдан кейін қарқын қосты — 6:3. Финалдық бәсеке 1 сағат 24 минутқа созылды.

Фото: ҚТФ баспасөз қызметі

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.