Қазақстандық жас шаңғышылар 2025 жылы Щучинскіде өтетін шаңғы-роллерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын өткізу мәселесіне байланысты Геннадий Головкинге жүгінді.
Бұл туралы ақпарат ARENA телеграм арнасында жарияланды.
Шаңғы спорты қауымдастығы 2025 жылы елімізде шаңғы-роллерінен өтетін әлемдік жарыстардан Қазақстан шаңғы спорт түрлері қауымдастығы бас тартыпты деген ақпаратқа таңырқап отыр. Әңгіме 2025 жылдың тамыз айында Щучинскіде өтуі тиіс болған FIS Кубогының кезеңі мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты туралы.
«Қазақстанда осындай жарыстарды өткізудің шығыны шетелде оқу-жаттығу жиындарын өткізумен салыстырғанда әлдеқайда аз деп есептейміз», – делінген Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің атқару комитетіне жолданған хатта.
Жас шаңғышылардың айтуынша, тарихи тұрғыдан алғанда, “жазғы шаңғылар” қысқы маусымға дайындықтың маңызды бөлігі ретінде белсенді қолданылады. Олардың пікірінше, халықаралық деңгейдегі жарыстарға жас спортшылардың тұрақты қатысуынсыз, алдағы Олимпиада циклында ғана емес, жалпы медаль үміттері барған сайын азаяды.
Олар бұл мәселенің оң шешімін сұрап, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне де өтініш жолдаған. Өтінішке қол қойғандардың қатарында –
• Сұлтан Базарбеков (2023 жылғы жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының жалпы есебінің көшбасшысы),
• Айдана Чонконова (2024 жылғы шаңғы-роллерінен Әлем кубогының кезеңінің қола жүлдегері),
• Григорий Дачкин (2024 жылғы Әлем кубогының екі дүркін күміс жүлдегері),
• Еділбек Елубаев (2024 жылғы Әлем кубогының күміс және қола жүлдегері),
• Арина Арестова (Қазақстанның XI қысқы спартакиадасының қола жүлдегері, жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы)
және басқа да халықаралық әрі ұлттық деңгейдегі жарыстардың жүлдегерлері бар.