Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Франциямен өткен ойынға қатысты пікір білдірді.
Кездесу Париждегі «Парк де Принс» стадионында өтіп, 8:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталған еді.
«Біз ойыншыларымызға қорықпаңдар, мінездерін көрсетіңдер деп айттық. Ойынды әрі қарай дамытуымыз керек еді. Бапкер үшін жеңіліс қашанда ауыр, командада қандай мәселе болса да, бұл ең алдымен менің жауапкершілігім. Біз дайын емес едік, ойынды талқылап, талдайтын боламыз. Әрине өте қиын әрі жағымсыз, бізде әрі қарай ойнауға мүмкіндік болды, бірақ соңына дейін жете алмадық. Міне, осыдан біз өз күшімізге, өзімізге сенімді емес екенімізді көре алдық. Басқа айтатын ештеңе жоқ, ойын есебінен-ақ көрініп тұр ғой”, – дейді Байсуфинов.
Айта кетсек, қазақстандық футбрл құрамасы Франция футболшыларынан 0:8 есебімен жеңілді. Бұл қазақстандық спортшылардың тарихтағы ең сәтсіз ойыны. Осылайша, Париждегі жеңілісімен Қазақстан құрамасы антирекордты жаңартты.