Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатында медаль саны бойынша алға шықты. Қазақстан турнирде сегіз алтын медаль жеңіп алды.
Азия ойындарында Қазақстан құрамасынан финалға өткен 10 спортшы да елге медальмен оралады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.
Қазақстан бокс федерациясының ақпаратына сәйкес, Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Римма Волосенко, Милан Сафронова, Валентина Хальзова, Фариза Шолтай және Ләззат Күнгейбаева алтын алды. Ал Владислава Кухта күміс медаль, Марина Вольнова қола медаль алды.
Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев ұлттық құраманы тарихи жеңісімен құттықтады.
«Біз Қазақстанның бокс державасы екенін тағы да дәлелдедік!», – деп атап өтті ол.
Федерация президентінің айтуынша, сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралған соң сыйақы алады. Азия чемпиондары 10 мың, күміс жүлдегерлер 5 мың, қола жүлдегерлер 2,5 мың доллардан алады.