
фото: Қайрат Алпысбаев, sport.kz
Испания өткен karate 1 финалында қазақ спортшысы Қайсар Алпысбаев тағы бір қазақ спортшысы Асәділовпен финалда жекпе-жекке шығудан бас тартты. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды. Сөйтіп 60 кг салмақта Алпысбаев күміс алса, Асәділов алтын алды.
«Ұстанымдарым өзгерген жоқ. Бұл ісімнің дұрыс екеніне сенімдімін. Финалдағы жекпе-жектен бас тартуым – Дарханға құрметім және оған көмектесу. Осылацша, біздің команда олимпиадаға лицензияға алуға жақындай түсті» депті Алпысбаев.
Алпысбаев биыл жазда Қытайдың Шанхай қаласында өткен жарыстағы финалда да Дархан Асәділовпен жекпе-жекке шығудан бас тартқан.
Испанияда өткен жарыста Қазақстан құрамасы үш алтын алып, жалпы командалар арасындағы есепте бірінші орынға шықты.
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025