5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясындағы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы көкпар дауы толастамай тұр. Қырғыз көкпаршыларын қалай да жеңу туралы тапсырма түскен. Бұл туралы Қырғызстан Көк бөрі федерациясының сарапшысы Рамис Құдайбергенов айтты.
«Айтарға сөзім жоқ. Ұлы ғұламалары мен данышпандары, зиялылары бар тұтас қазақ халқын ренжітіп алам ба деп қорқам. Иә, 100-200 адам бар, соларға бола бүтін халықты ренжітуге болмайды. Бүгін ережеге сай ойын болмады. Ойыннан соң маған бізді қалай да жеңу туралы тапсырма болғанын айтты. Сабаса да ереже бұзса да бастысы жеңу болған. Мұны айтқандардың атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын», – деді Рамис Құдайбергенов akipress агенттігіне берген пікірінде.
Сондай-ақ, көкпардан Қырғызстан құрамасының басшысы Эрлан Абдыкапаров, қазылар қырғыз көкпаршыларын балағаттап, полиция мен арнайы жасақ ойыншыларды сабағанын, ал ҰҚК қорқытқанын айтқан еді.
Көкпардан Қазақстан құрамасы Қырғыз құрамасын 5:4 есебімен финалда жеңді. Марапаттау рәсімінде қырғыз көкпаршылары марапаттау соңын күтпей, есеппен келіспейтіндерін көрсетіп, мойындарындағы медальдарын алып, түсіп кетті.
фото akipress агенттігінен алынды.
-
08.10.2024
-
08.10.2024
-
08.10.2024
-
08.10.2024
-
08.10.2024
-
08.10.2024
-
08.10.2024
-
08.10.2024
-
08.10.2024