Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында 81 кг салмақта алтын медаль алған боксшы Бекзат Нұрдәулетовке Маңғыстау облысының әкімі Серік Тұрымов пәтер сыйлады. Сондай-ақ, жастайынан спортқа баулыған Жаңаөзендегі жаттықтырушысы Батырбек Жайлыбаевқа 3 миллион, қазіргі бапкері Марат Жакиевке 5 миллион теңге сыйлады.
Маңғыстау облысының әкімі Бекзат Нұрдәулетовке пәтер сыйлады
