arasha.kz

Өзбекстанның бас бапкері бокстан шәкірті алтын алғаннан кейін жүрек талмасын алған

Өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматов Олимп ойындарында алтын медаль алғаннан кейін, елдің бокс бойынша құрама командасының бас бапкері Тулкин Киличевтің жүрегі ұстап, бірнеше секундтқа ес-түсін жоғалтқан, деп жазады Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

The Guardian басылымының мәліметіне қарағанда, Киличевтің жүрегі жаттығу алаңында Дусматовтың жеңісін атап өтіп жатқанда ұстаған. Оған Британия құрамасының дәрігерлері – Хардж Сингх пен Робби Лиллис алғашқы көмек көрсеткен.

«Өзбек құрамасының жаттықтырушылары жаттығу алаңында жеңісті тойлап жатты. Бір кезде әр тараптан айқайлаған дауыстар шықты. Алғашқы болып жанымдағы әріптесім жүгіріп барды. Мен барғанда өзбек бапкеріне жасанды демалу әдісін қолданып жатты. Дефибрилляторды алып шығып, мүмкін болса тезірек жәрдем көрсетуге тырыстық», – деді Лиллис.

Оның сөзінше, Киличев 20-30 секундта есін жиған.

Өзбекстан тарапы бұл оқиға бойынша пікір білдірмеді.

51 келіге дейінгі салмақ бойынша шаршы алаңға шыққан Хасанбой Дусматов 8 тамызда финалда франциялық боксшы Биллал Беннамды жеңген.

Exit mobile version